Қызылордада мектеп оқушысы өлі табылды

0
344

Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, осы оқиғадан кейін марқұм жасөспірім оқыған мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.


Қызылордада мектеп оқушысы өлі табылды

ERNUR.KZ. Қызылордада 9-сынып оқушысы өлі табылды, - деп жазады Tengrinews.kz.


Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқушының денесі 12 ақпанда табылған.


"Қызылордада Белкөл ауылындағы емдеу мекемесіне кәмелетке толмаған жасөспірімнің мәйіті жеткізілді. Бұл факт бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деді облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Амангелді Досжанов.

Облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі қайтыс болған баланың Белкөл ауылындағы мектептің 9-сынып оқушысы екенін растады.


"Қолда бар ақпарат бойынша, оқиға мектептен тыс жерде болған. Жасөспірім үйіне барар жолда қаза болған. Ол құлап, басын соққан. Ол төбелес салдарынан қайтыс болды ма, жоқ па, әзірге айта алмаймыз. Тергеу жүріп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.


Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, осы оқиғадан кейін марқұм жасөспірім оқыған мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.