Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі көз жұмған отбасына үй берілді

0
2 735

Аймақ басшысы үй иелерін жаңа баспанамен құттықтап, тұрмысқа қажетті сыйлықтар табыс етті.


Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі көз жұмған отбасына үй берілді

ERNUR.KZ. Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға биылғы жылдың 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында болды.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімінен 3 техника мен 16 қызметкер күшімен жалын толық өшірілді. Оқиға салдарынан 2020 жылы дүниеге келген нәресте көз жұмды.

Балалардың анасы, 1993 жылғы әйел бірінші дәрежелі көмір қышқыл газына улану және сол жақ білектің және екі алақанының термиялық күйік шалу нақтамасымен қалалық ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күні жағдайы бірқалыпты.

Зардап шеккен көпбалалы отбасы әкімдік тарапынан, кәсіпкерлердің қолдауымен 1 айға жететін азық-түлік, мектеп құрал-жабдығы қамтамасыз етілді.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өрт салдарынан нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына барып, көңіл айтты.

Аймақ басшысы үй иелерін жаңа баспанамен құттықтап, тұрмысқа қажетті сыйлықтар табыс етті.


«Қайғының орнын толтыру мүмкін емес. Жалпы, Сыр елі үшін бұл ауыр қаза болды. Көзге көрінген балаларымыз аман болсын», - деді облыс әкімі.