Қызылшаға қарсы қосымша егу жұмыстары жүргізіледі – Есмағамбетова

0
839

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша қызылшамен ауыратындардың 65%-і бес жасқа дейінгі балалар.


Қызылшаға қарсы қосымша егу жұмыстары жүргізіледі – Есмағамбетова

ERNUR.KZ. Балаларды қызылшаға қарсы қосымша иммундау туралы шешім қабылданды, деп жазады sputnik.kz.

Ол бүгінгі күні қызылшамен ауыратындардың 65%-і бес жасқа дейінгі балалар екенін айтты. Жыл басынан бері барлығы 11 мың жағдай тіркелген.
"Жалпы алғанда, бұл "ковид" жылдары туған балалар. Бұл тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы – осы кезеңде вакцинация мәселесінде олқылықтар болды", - деді вице-министр.
Айжан Есмағамбетова қызылша әсіресе осы жаста ауыр өтетінін және асқынып қана қоймай, өлімге де әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Сондықтан қосымша вакцинация жүргізу туралы шешім қабылданған.
6-11 айлық балалар келесі аптадан бастап иммундауды бастайды.
2 жастан бес жасқа дейінгі балалар желтоқсан айының басынан бастап қосымша вакцинациядан өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада дәрігерлер қызылша ауруының 30%-ке өскенін хабарлады. Олардың 80%-тен астамы 14 жасқа дейінгі, негізінен вакцина алмаған балалар.
Мысалы, Ақтөбеде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы толып кеткендіктен науқастарды қала сыртындағы санаторийге жіберуге тура келген.
Дәрігерлер қызылша асқынған жағдайда соқырлық, энцефалит, ауыр диарея, онымен байланысты дегидратация, құлақ инфекциясы және тыныс алудың ауыр проблемаларына және пневмонияға соғуы мүмкін екенін ескертті.