Қызылжарда мектепте балтамен шабуылдаған бала сыныптастарына бірнеше күн бұрын телефон арқылы қоқан-лоққы көрсеткен

0
998

Қазір аталған мектепте осы сынды тағы бірнеше бала оқып жатқан көрінеді. Сондықтан ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіреді.


Қызылжарда мектепте балтамен шабуылдаған бала сыныптастарына бірнеше күн бұрын телефон арқылы қоқан-лоққы көрсеткен

ERNUR.KZ. Қызылжарда мектепте балтамен шабуылдаған оқушы сыныптастарына бірнеше күн бұрын телефон арқылы қоқан-лоққы көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Мектептің ата-аналары бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады. Айтуларынша, ақыл есінде ақауы бар бала бірнеше күн бұрын бір оқушының үстіне қасақана шәй төккен. Ал өткен аптаның бейсенбі күні сыныптастарына ақ масканың фотосын жіберіпті.

Үш күннен кейін ол дәл сол масканы киіп, оқушыларға балтаны ала жүгірген. Қазір аталған мектепте осы сынды тағы бірнеше бала оқып жатқан көрінеді. Сондықтан ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіреді.

“Ол балаға ешкім тиіскен емес. Ол өз бетімен жүрді. Ал балаларға телефонмен түрлі нәрсені жібергенде жауапты тұлғалар сол кезден бастап оны жіті назарға алу керек еді. Ата-аналар ақыл есі өзге балаларды бөлек оқыту керек деп есептейді. Қазір біз балаларымызды мектепке жіберуге қорқып отырмыз”, –дейді ата-ана Надежда Шушемоина.

Ал құзырлы орган және мектеп әкімшілігі бұл іске қатысты тергеу жүріп жатқандықтан, әзірге қандай да бір ақпарат бере алмайтындарын жеткізді.