​ Лисаковскіде түнгі клубта соққыға жығылған ер адам ауруханада қайтыс болды

0
247

Төбелес 12 қазан, сенбі күні таңғы сағат 05:00 шамасында Лисаковск караоке клубында болған.


​ Лисаковскіде түнгі клубта соққыға жығылған ер адам ауруханада қайтыс болды

Сурет: unsplash

ERNUR.KZ. Қазнетте Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде ер адамның соққыға жығылған сәті түсірілген видео тарады, деп жазады zakon.kz.

"Наша газетаның" хабарлауынша, төбелес 12 қазан, сенбі күні таңғы сағат 05:00 шамасында Лисаковск караоке клубында болған. Кадрлардан түнгі клубқа келген екі адамның жанжалдасып, кейін марқұмды соққыға жыққаны көруге болады. Соққыға ұшыраған 41 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмады. Ол бүгін, 15 қазанда қайтыс болды.

Бұл ақпаратқа қатысты Қостанай облысы полиция департаменті пікір білдірді.

"Лисаков қаласындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде адам өліміне әкеп соқтырған дене жарақатын келтіру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 106-бабының 3-бөлігі). 22 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, Лисаковск соты оны қамауға алуға санкция берді", - деді полиция.