Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Лисаков қаласында 22 жастағы жігіт көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға 14 тамызға қараған түні болған. Осы дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасып жатыр және құқық қорғау органдарының бақылауында.
Тергеу мүддесіне байланысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес полиция өзге мәліметтерді жариялаған жоқ.


