Ливан, Иран және Израильдегі 228 Қазақстан азаматы референдумда дауыс бермейді

0
275

Соңғы бірнеше ай бойы Таяу Шығыстағы жағдай айтарлықтай шиеленісті.


Ливан, Иран және Израильдегі 228 Қазақстан азаматы референдумда дауыс бермейді

Фото: ҚР СІМ

ERNUR.KZ. Ливан, Иран және Израильдегі 228 Қазақстан азаматы референдумда дауыс бермейді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова айтты, деп жазады inform.kz.

«Өздеріңіз білетіндей, соңғы бірнеше ай бойы Таяу Шығыстағы жағдай айтарлықтай шиеленісті. Осыған байланысты, Израиль, Иран және Ливандағы Қазақстан дипломаттары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Осыған байланысты, күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты, сонымен қатар Қазақсан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Статисикаға жүгінсек, Израильде дауыс беру құқығы бар 53, Иранда 132, Ливанда 43 азамат, жалпы, 228 азамат дауыс беру құқығына ие болған», - деді ол.

СІМ өкілінің айтуынша, қазіргі Израильде, Иранда және Ливанда тұратын азаматтарға аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен аталған елдердегі Елшіліктермен байланысты болу ескертілген.

Бұған дейін Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелері жұмысын тоқтатқанын жазған едік.