Мәдениет министрлігі спорт шараларының тоқтатылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
989

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спорттық шараларды өткізбей, тоқтатып жатыр деген ақпарат тараған.


Мәдениет министрлігі спорт шараларының тоқтатылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елімізде бұқаралық спорттық шаралардың мүлде тоқтатылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мәдениет және спорт министрлігі ешқандай бұқаралық спорттық шараны кейінге қалдырған жоқ. Қазақстанда бұқаралық спорттық шаралар өтпейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай шешімді ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Комиссияға коронавирус инфекциясы кең тараған елдерге спортшыларды жібермеу туралы ұсыныс берілген еді», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Министрлік сонымен қатар Қазақстан аумағында өтетін бұқаралық спорт шаралары туралы ешқандай шешім қабылдамағанын хабарлады.

Айта кетсек, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спорттық шараларды өткізбей, тоқтатып жатыр деген ақпарат тараған еді.