Мәди Тәкиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
ERNUR.KZ. Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz.
Мәди Тәкиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Салық департаментінде жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің басқарма басшысы. 2013-2014 жылдары - Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.
2014 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2014 жылдан 2017 жыл аралығында Атырау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.