MAЭК-те жұмысшы көз жұмды: желіде оқиға орнынан видео тарады

0
111

Кадрларда еденде шашылған қирандыларды көруге болады.


MAЭК-те жұмысшы көз жұмды: желіде оқиға орнынан видео тарады

фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Маңғыстау атом-энергетика комбинатында жұмысшының қайтыс болған жерінен бейнеролик пайда болды, деп жазады ulysmedia.kz.

Кадрларда еденде шашылған қирандыларды көруге болады. Сондай-ақ, кенеппен жабылған жұмысшының денесі, жедел жәрдем қызметкерлері байқалады.

Өлімнің себебі еңбекті қорғау ережелерін бұзу болып отыр. Жөндеу шеберханасының шебері құбыр құлағаннан кейін қайтыс болған. Оқиға үлкен резонанс туғызды, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, ер адамның өлімі туралы ақпарат 23 желтоқсанда пайда болған.


14 желтоқсанда Павлодар облысындағы "Майқайың Алтын" АҚ шахтасында қайғылы оқиға орын алған: тиеу-жеткізу машинасының дөңгелектерінің астында жұмысшы қаза тапқан.

Қараша айының басында салынып жатқан Qaraghandy power Silicon зауытында қайғылы оқиға тіркелді. Жұмысшы биіктен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды.