​Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық нәтижесі жарияланды

0
119

Ең жоғары нәтиже — 139 балл.


​Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық нәтижесі жарияланды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

ERNUR.KZ. Бүгінгі күнге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді (КТ) 39 мыңнан астам үміткер тапсырды, деп жазады inform.kz.

Аралық қорытынды бойынша:

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 52%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинаған;
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы орташа балл — 78, ал бейінді бағытта — 23 балл;
Ең жоғары нәтиже — 139 балл.
Сонымен қатар, тестілеу барысында тәртіп бұзғаны үшін 99 адамның нәтижесі жойылды. Атап айтқанда:
Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 67 үміткер тест тапсыру құқығынан айырылды;
Тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 31 адам аудиториядан шығарылды;
1 бөгде тұлғаның қатысқаны анықталды.
Еске салайық, магистратураға қабылдауға арналған кешенді тестілеу 21 шілдеде басталған және 7 тамызға дейін жалғасады.
Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12–18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланбақ.

Болашақ магистранттарды жоғары оқу орындарына қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.