​Магистратураға түсушілерге арналған күнтізбе жарияланды

0
136

Кешенді тестілеу 21 шілде-10 тамыз аралығында өтеді.


​Магистратураға түсушілерге арналған күнтізбе жарияланды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға түсушілер назарларына талапкерге арналған күнтізбені жариялады, деп жазады inform.kz.

Кешенді тестілеу 21 шілде-10 тамыз аралығында өтеді;

Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 12-18 тамыз аралығында қабылданады;
Ақылы негізде оқуға құжаттар қабылдау 15-28 тамыз аралығында жүргізіледі;
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.
ЖЖОКБҰ-на қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.
- Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар. 2025-2026 оқу жылына қабылдану үшін маңызды күндерді өткізіп алмаңыз! – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ғылым және жоғары білім министрлігі Мәжіліс депутаттарының магистратураға түсу кезінде бакалавриат бейініне қарай шектеу енгізуге қатысты сауалына жауап берді.
1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркеу басталды.