Майқайыңда оқушы қыз зорланғанын анасына да, әкесіне де айтқан, бірақ олар сенбеген – әкім

0
222

​Облыс әкімінің қорқынышты статистикасына сенсек, облыста 25 бала үйінде зорлық көрген екен.


Майқайыңда оқушы қыз зорланғанын анасына да, әкесіне де айтқан, бірақ олар сенбеген – әкім

Фото: istockphoto.com.

ERNUR.KZ. Бүгін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жуырда біз жазған Мақайыңдағы оқиға бойынша мәлімет берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Асайын Байхановқа зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы бірнеше сауал қойды. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, Павлодар облысы Майқайың ауданында ағасы мен қарындасының зорлануына қатысты іс резонанс тудырған еді. Әкімнің айтуынша, бұл факт осыдан бірнеше жыл бұрын тіркелген. «Осындай сұрақ қойылатынын білген соң, слайд әзірлеп әкелдім» деген Байханов балалардың зорлық-зомбылығына қатысты статистика ұсынды.

«Аймақта балаларға қатысты 30 факт тіркелген. Оның ішінде 8 бала екеуара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. 22 бала зорланған. Соның ішінде, 25 бала үйінде зорлық көрсе, бес бала үйінен тыс жерде зорлық көрген (екі статистикада да өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен балалар бар)», - деді облыс әкімі.

Осы ретте журналистер үйде зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны көп екеніне назар аудара отырып, балаларын тиісті деңгейде қорғамағаны үшін ата-аналар қандай да бір жауапкершіліке тартыла ма, соны сұрады.

«Әрине ата-аналар жауапты, оған келісемін. Жалпы, отыз оқиғаға назар аударсақ, оның ішінде әртүрлі жағдай бар. Мысалы, Майқайыңда болған оқиғада қызы зорлық көргенін анасына айтқан. Шешесі сенбеген. Қыз бала өгей әкесімен бірге тұрған. Сондықтан, ол туған әкесіне барып зорланғанын айтқан. Бірақ, ата-анасы қыздарының сөзін елемей, ешөандай шара қолданбаған, тексермеген», - деді әкім.