Астанада жастар көпқабатты үйдің жертөлесінде бейресми "концерт" ұйымдастырған

0
187

Іс-шараға жиналғандардың 28-і кәмелетке толмағандар.


Астанада жастар көпқабатты үйдің жертөлесінде бейресми

Photo : СС0

ERNUR.KZ. Астанада көпқабатты үйдің жертөлесінде заңсыз бейресми "концерт" ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Бір топ жастың үстінен тұрғындардан шағым түскен. Оқиға орнына келген полиция үйдің жертөлесінде "жерлеу концерті" деп аталатын рәсім өткізіліп жатқанын анықтаған. Іс-шара жергілікті атқарушы органдардың алдын ала келісімінсіз өткізілгені белгілі болды.

"Тексеру кезінде тар бөлмеде 65-ке жуық адам болған. Олардың 28-і кәмелетке толмағандар. Олар өздерінше рәсім өткізген. Қатысушылар ішінара жалаңаштанып, бір-бірін итерумен болған, осылайша қауіп төндірген. Сонымен қатар мекемеде алкоголь өнімі сатылған", - дейді полиция.
Барлық қатысушылар болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін және кәмелетке толмағандарға қатысты қауіпті әрекеттерді болдырмау мақсатында полицияға жеткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылып, кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер өткізілген.