Маңдай сүйегі сынған: Оралда ер адам мас күйде 3 жасар өгей баласын ұрды

0
1 771

Жауап алу кезінде ер адам кінәсін мойындаған және бірден баланы неге ұрғанын айтқан.


Маңдай сүйегі сынған: Оралда ер адам мас күйде 3 жасар өгей баласын ұрды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің полиция қызметкерлері үш жасар өгей баласын ұрып-соққан деп күдікке ілінген Орал тұрғынын ұстады, деп жазады Stan.kz.

7 шілдеде болған оқиға туралы Орал қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Мәдина Құспанова айтып берді.

Оның айтуынша, оқиға Солтүстік-Шығыс шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Күдікті мас күйде болған.

Баланың анасының сөзіне, сол күні ол емізулі баласымен және 32 жастағы жұбайымен серуендеуге барған, ал үлкен ұлын ұйықтап жатқандықтан үйіне тастап кеткен. Біраз уақыттан кейін ер адамға ақша қажет болып, ол пәтерге барған.

"Баланың анасы күйеуінің ұзақ уақыт бойы болмағанын айтты. Әйел оның пәтердегі терезені жауып жатқанын байқаған. Ол оған қоңырау шалған, бірақ ер адам дәретханада екенін айтқан. Әйел подъезге кіргенде баланың жылаған дауысын естіген. Ол үйге келгенде, ұлының жуынатын бөлмеде есінен танып жатқанын көрді, ал күйеуі бала өзіне келуі үшін бетінен алақынымен ұрып, суық сумен шашқан. Баланың аузынан қан ағып жатқан. Әйел полицейлерді шақырған, ал олар жедел жәрдем шақырған", - деді Мадина Құспанова.

Жауап алу кезінде ер адам кінәсін мойындады және бірден баланы неге ұрғанын айтты.

"Ер адам үйге келгенде, бала дәретханаға баруды өтінген. Алайда бала дәретхана жетпей, шалбарына жіберіп қойған. Күдікті оны желкесінен ұрған. Бала құлап, басымен кафельге соғылған", - деп нақтылады Мәдина Құспанова.

Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның маңдай сүйегінің сынғанын анықтады. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады.

"Баланың анасы бірге тұратын адамын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз жазды. Қылмыстық кодекстің "кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полицияда.

Егер ер адамның кінәсі дәлелденсе, онда ол алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктінің бірнеше рет қарақшылық және бопсалаушылық әрекеттері үшін сотталғанын, соңғы үкімі әлі өтелмегенін атап өтті. Ол тергеу изоляторына қамалды.