Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы белгілі болды

0
200

​Ол Маңғыстау облысының әкімімен кездесуді талап еткенмен, қабылдауына кіре алмаған.


Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Облыстық әкімдік ғимаратында үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы ауыр екені белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 5 желтоқсан күні болды. Ер адам Маңғыстау облысының әкімімен кездесуді талап еткенмен, қабылдауына кіре алмаған. Содан кейін ол жанғыш сұйықтықты құйып, өзін өртеп жіберген.

Lada.kz мәліметі бойынша ер адамның жағдайы әзірге ауыр күйде екені белгілі болды. Ол реанимацияда және механикалық желдеткішке қосылған.