Маңғыстау облысында әскери қызметкер белгісіз заттың жарылуынан қаза тапты

0
1 630

Оқиға орнына "Батыс" өңірлік қолбасшылығының басшысы генерал-майор Д.Оспанов бастаған комиссия жіберілді.


Маңғыстау облысында әскери қызметкер белгісіз заттың жарылуынан қаза тапты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында әскери қызметкер алаңда белгісіз заттың жарылуынан қаза тапты, деп жазады Stan.kz

Қызметкердің қайтыс болғанын ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады. Ведомствоның мәліметінше, Оймаша жаттығу алаңында белгісіз зат жарылған.

"Белгісіз зат жарылды. Әскери қызметкердің біреуі әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын алды. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жеткен. Медицина қызметкерлерінің қанша тырысқанына қарамастан, сарбаз ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Әскери тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнына "Батыс" өңірлік қолбасшылығының басшысы генерал-майор Д.Оспанов бастаған комиссия жіберілді.

Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.