Маңғыстауда 120 келіден асатын бекіре тәркіленді

0
1 248

Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады.


Маңғыстауда 120 келіден асатын бекіре тәркіленді

Маңғыстауда 120 келіден асатын бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ағымдағы жылдың 10 наурызында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп "Lada 2112" маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді.

Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық "Kazakh Osetr" ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.