​Маңғыстауда ер адам өз-өзін өртемек болды

0
142

Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді.


​Маңғыстауда ер адам өз-өзін өртемек болды

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Оқиға Бейнеу ауданында болған. Ер адам Бейнеу аулындағы полиция бөлімінің бақылау - өткізу пунктінде өз-өзін өртеуге әрекет жасаған, деп жазады inform.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары патрульдік бақылау кезінде жол ережесін бұзған көлікті тоқтатып, жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда кейін көлік жүргізуші полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктіне өзі келіп, қызметкерлердің заңды әрекетіне наразылық білдірген.

- Бақылау пунктінде ол өзіне сұйықтық құйып, өзін-өзі өртеуге тырысты. Құқық қорғау органы қызметкерлері бұл әрекетін уақытылы тоқтатты. Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән - жайы анықталып жатыр, - делінген хабарламада.