Маңғыстауда итбалық неден қырылды: сарапшылар болжам жасады

0
367

Ресми мәлімдеме 1 ақпанда жарияланады.


Маңғыстауда итбалық неден қырылды: сарапшылар болжам жасады

ERNUR.KZ. Сарапшылар Маңғыстау облысындағы итбалық нейроинфекция вирусынан қырылды деп болжам жасады, деп жазады Lada.kz.

Микробиология және вирусология ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Қыдырмановтың айтуынша, ғылыми орталық зертханасының мамандары молекулалық-генетикалық талдау жүргізіп, ми мен өкпе тінінен жаңа вирустық ауру тапқан.
"Барлық үлгілерде вирус болды. Бұл вирустық нейроинфекция. Жануарлардың миында табылған вирус бұл аурудың жалғыз себебі екенін дәлелдейді", - деді Айдын Қыдырманов.
Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Жазира Сыдықованвң айтуынша, ресми мәлімдеме 1 ақпанда жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр 24 қазанынан бастап Маңғыстауда итбалықтардың өлімі тіркеле бастады. Баутино ауылының маңында 151 итбалық ұшасы жағаға шығарылды.