Маңғыстауда пойыз автокөлікпен соқтығысты: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

0
1 291

"Лада-15" автокөлігінің жүргізушісі пойызға жол бермей, соқтығысқан.


Маңғыстауда пойыз автокөлікпен соқтығысты: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы мамандары пойыздың жеңіл автокөлікпен соқтығысу салдарынан жарақат алған ер адамның жағдайы туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"1971 жылы туған зардап шеккен ер адамның оң жақ иық сүйегі мен бірнеше қабырғасы сынған. Қазіргі уақытта науқас жалпы хирургия бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Науқас дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, жол апаты 8 маусымда сағат 16:54 шамасында Мұнайлы ауданындағы теміржол өткелінде болған. "Лада-15" автокөлігінің жүргізушісі пойызға жол бермей, соқтығысқан. ЖКО салдарынан зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді.