Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында төрт жүк және екі жеңіл көлік ауа райының қолайсыздығына байланысты соқтығысқан, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға 28 тамызда Бейнеу ауылы маңында тіркелді. Жаппай жол апатына шаңды дауыл себепші болған. Жол-көлік апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Осы дерекке қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.