Маңғыстауда "Су тұщыту" зауытының құрылысы басталды

0
321

"Алека" ЖШС-не тәулігіне 5000 м³ ауызсу өндіретін зауытын салу мақсатында Құрық ауылында 5 га жер учаскесі берілді.


Маңғыстауда

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында прокурордың актісі бойынша "Су тұщыту" зауытының құрылысы басталды, деп жазады baq.kz.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, Қарақия ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде аудан әкімдігімен инвесторға, яғни "Алека" ЖШС-не тәулігіне 5000 м³ ауызсу өндіретін зауытын салу мақсатында Құрық ауылында 5 га жер учаскесі берілді.

Қазіргі таңда "Су тұщыту" зауытының 20 ұңғымасы қазылып, судың тұздылығын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін ауыл тұрғындарын Ақтау қаласында орналасқан "Каспий" су тұщыту зауыты" ЖШС ауызсумен қамтамасыз етіп келген, - делінген хабарламада.

Жыл сайын жаз мезгілінде ауызсудың жиі болмауы тұрғындардың наразылығын тудырған.