Марқұм Шерзаттың ағасының көлігі заңнамаға сәйкес тексерілген – полиция

0
185

Көлікті қайтыс болған 30 жастағы ер адамның туыстары оның мәйіті табылған жердің маңайында тапты.


Марқұм Шерзаттың ағасының көлігі заңнамаға сәйкес тексерілген – полиция

ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әлеуметтік желіде бауырының көлігін полиция қызметкерлері заңсыз тексергенін айтқан еді, деп жазады baq.kz.

Алматы облысының Полиция департаменті қаза болған Нұрқанат Ғайыпбаевтың көлігіне заңнамаға сәйкес мұқият тексеріс жүргізгенін атап өтті.

"Көлікті қайтыс болған 30 жастағы ер адамның туыстары оның мәйіті табылған жердің маңайында тапты. Полиция қызметкерлері оқиға орнына хабарлама түскеннен кейін келді. Құқық қорғау органдары заңнамаға сәйкес қажетті тергеу әрекеттерін, соның ішінде көлік құралына мұқият тексеріс жүргізді. Тексеруден кейін көлік жақын туыстарына берілді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты тек ресми дереккөздерге сену керектігін атап өтті.

Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Тергеу барысы туралы ақпарат жаңа деректердің түсуіне қарай ұсынылатын болады. Оқиғаға қатысты тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, - деді Меруерт Морякова.