Мәулен Әшімбаев азаматтарды партияға қатысты пікір бөлісуге шақырады

0
1 480

​ERNUR.KZ "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook әлеуметтік желісінде өз парақшасын ашты деп хабарлайды Caravan.kz сайты.


Мәулен Әшімбаев азаматтарды партияға қатысты пікір бөлісуге шақырады

фото ашық дереккөзден

ERNUR.KZ "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook әлеуметтік желісінде өз парақшасын ашты деп хабарлайды Caravan.kz сайты.

"Нұр Отан" төрағасының бірінші орынбасары жаңа ашылған парақшасында алғашқы жазбасын да жариялады. Онда: «Уақыт өткен сайын интернет пен әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып келеді. Технологиялар да бір орында тұрмайды. Қоғамымыз да өзгеруде. Сондықтан біз де заманға сай өзгеріп, жетіле түсуге тиіспіз.

Әлеуметтік желіде жеке аккаунтымды ашу бұрыннан ойымда болатын. Дегенмен, түрлі себептерге байланысты бұл бастама кейінге шегеріле берді. Ал бүгінде партиямыз жаңғырудың жаңа биігіне бет түзеп, ауқымды жұмыстарды қолға алған шақта менің де Facebook-ке тіркелуім заңды құбылыс әрі дер кезінде жасалған қадам деп есептеймін. Себебі, бұл жерде әртүрлі идеялар көпшіліктің назарына ұсынылып, қызу талқыланатыны белгілі. Олардың арасында біздің саяси ұйым үшін де пайдалы болуы мүмкін өзекті ойлар айтылып жатады.

Сондықтан бізге де Facebook арқылы ең өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік туатынына сенемін. Сіздің «Нұр Отанның» жұмысына қатысты ұтымды пікіріңіз, партия қызметін жаңғырту жөнінде нақты ұсыныстарыңыз және басқа да мәселелерге қатысты ойларыңыз болса оны жеке хабарлама түрінде немесе m.ashimbayev@nurotan.kz электронды почтама хат ретінде жолдай аласыздар», деп жазды Мәулен Әшімбаев.