Мектеп түлектері мұғалімге үш бөлмелі пәтер сыйлады

0
639

40 жылдан бері білім беріп жүрген ұстазға үш бөлмелі пәтердің кілті 25 мамырда соңғы қоңырауда табысталды.


Мектеп түлектері мұғалімге үш бөлмелі пәтер сыйлады

ERNUR.KZ. Жаңаөзен қаласында 2004 жылғы түлектер "Көмек Жаңаөзен" қайырымдылық қорымен бірігіп, өз ұстазына үш бөлмелі пәтер сыйлады, деп жазады sputnik.kz.

35-36 жастағы қыз-жігіттер 20 жыл бұрын қаладағы 10 мектебін бітірген. Биыл барлығы жиналып, физика мұғалімі Гүлнәр Қарақойшиеваға тосын сый жасады. Жастарға 40 жылдан бері білім беріп жүрген ұстазға үш бөлмелі пәтердің кілтін 25 мамырда соңғы қоңырауда табыстады.
Гүлнәр Қарақойшиева күтпеген жерден жасалған сыйға қатты қуанып, шәкірттеріне ризашылығын айтып, көзіне жас алды.
Демеушілер мен қайырымдылық қорының өкілдері де баспана иесіне өз сыйлықтарын жасады.