​Мектептердегі тамақтану мәселесін «Нұр Отан» партиясы бақылауға алады

0
1 607

Оның айтуынша, партия «Атамекен» ҰКП, Білім және ғылым министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, тиісті шараны қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар мектептерді тамақтану сапасын аттыруға мүмкіндік береді.


​Мектептердегі тамақтану мәселесін «Нұр Отан» партиясы бақылауға алады

фото: tengrinews.kz

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, партия «Атамекен» ҰКП, Білім және ғылым министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, тиісті шараны қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар мектептерді тамақтану сапасын аттыруға мүмкіндік береді.

«Бизнес және мемлекеттік органдармен, мектептердегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін талқыға салдық. Бұл мәселе қоғамда жиі талқыға салынатынын білеміз. Барлық мектепте тамақтану стандарттары тиісті дәрежеде жүзеге асырылмайды. Біздің балаларымыз барлық жерде пайдалы және сапалы аспен тамақтана бермейді. Сондықтан бұл мәселені «Нұр Отан» партиясы өз бақылауына алады», - деді Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, бүгін Мәулен Әшімбаев Қазақстан мектептерінде 1 мыңнан астам IT-сынып ашуды жоспарлап отырғанын да мәлімдеді.