2029 жылға дейін Қазақстанда шамамен 1300 мектеп қайта жөндеуден өтеді.
ERNUR.KZ. Мектептерді жаңғырту бағдарламасы не қамтитыны туралы Оқу-ағарту министрлігі айтып берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде мектеп инфрақұрылымын біртұтас заманауи форматқа көшіру мақсатында мектептерді жаңғырту бағдарламасы басталды. Бағдарлама аясында шамамен 1300 оқу орны қамтылады.
2024 жылғы «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Президент Тоқаев ел бойынша 1300-ге жуық мектептің күрделі жөндеуді қажет ететінін атап өтті. Мемлекет басшысы Үкіметке әкімдермен бірлесіп қаржыландыру көздерін, соның ішінде демеушілік қаражатты анықтап, үш жыл ішінде аталған мектептерді жаңғыртуды тапсырды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 245 мектепте жөндеу жұмыстары басталды. Келесі жылы 434 мектепті қайта жаңарту жоспарланып отыр.
Жаңғырту жұмыстарының аясында мектептерде күрделі жөндеу жүргізіліп, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталады, мектеп жиһазы жаңартылады, кітапханалар мен асханалар модернизацияланады, спорт залдар қайта салынып немесе жаңғыртылады, демалыс аймақтары мен қоғамдық кеңістіктер жақсартылады, қауіпсіздік жүйелері орнатылады.