Екі күнге созылатын сапарда Мемлекет басшысы Президент Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізеді және қазақ-әзербайжан жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысу жоспарланған.
Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады деп хабарлаған болатынбыз.
Екі күнге созылатын сапарда Мемлекет басшысы Президент Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізеді және қазақ-әзербайжан жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысу жоспарланған.