Мемлекет басшысы француз саяси қайраткері Жак Атталиді қабылдады

0
780

Француз саясаткері Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.


Мемлекет басшысы француз саяси қайраткері Жак Атталиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев француздың белгілі саяси қайраткері, «Attali and Associes» ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары, соның ішінде Франция Президенті Эммануэль Макронның алдағы уақытта Қазақстанға жоспарланған ресми сапарының барысы талқыланды.

Француз саясаткері Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.