Грузияның солтүстік-шығысындағы таулы аймақтағы жолда автобус жардан құлап, кемінде 17 адамның мерт болған болатын.
Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, Грузияның солтүстік-шығысындағы таулы аймақтағы жолда автобус жардан құлап, кемінде 17 адамның мерт болған болатын.