Мемлекет басшысы Ирак Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
85

Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады.


Мемлекет басшысы Ирак Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ирак Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады.

Қазақстан президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.