Мемлекет басшысы Қарағандыға жұмыс сапарымен келді

0
825

Сапар барысында ел Президенті бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады.


Мемлекет басшысы Қарағандыға жұмыс сапарымен келді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысын «Сарыарқа» әужейында облыс әкімі Ерлан Қошанов қарсы алды, деп жазады egemen.kz.

Сапар барысында ел Президенті бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады. Сондай-ақ, кеншілер астанасында Мемлекет басшысының төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді.

Түстен кейін сапар Жезқазған қаласында жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. Бағдарламаға сәйкес, 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін халықаралық туризм форумына және екінші мәрте жалау көтеретін «Жезкиік» халықаралық музыка фестиваліне қатысады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.