Мемлекет басшысы Маминге маңызды тапсырма берді

0
688

Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.


Мемлекет басшысы Маминге маңызды тапсырма берді

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында коронавирустың таралуы салдарынан әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалары қарастырылды.

Қазақстан Президенті Үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.