Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне сарқылмас күш-қуат және бауырлас түрікмен халқының игілігі жолында атқаратын жауапты қызметіне толайым табыс тіледі.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы туған күніне орай Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстан дамудың даңғыл жолына түсіп, мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренада ел позициясын күшейту бағыттарында таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті.
– Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, – деп жазды Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне сарқылмас күш-қуат және бауырлас түрікмен халқының игілігі жолында атқаратын жауапты қызметіне толайым табыс тіледі.


