Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық компаниямен жемісті ынтымақтастығын атап өтті.
Мемлекет басшысы «Тоталь барлау және өндіру» компаниясының президенті Арно Брейякпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық компаниямен жемісті ынтымақтастығын атап өтті.
"Қашаған бойынша және басқа да энергетикалық жобалар бойынша табысты ынтымақтастық орнаттық. Жалпы, бәрі жақсы жүріп жатыр деп ойлаймын" – деді Қазақстан Президенті.
Арно Брейяк Мемлекет басшысына кездескені үшін алғыс айтып, «Тоталь» мен Қазақстан арасындағы, соның ішінде Қашаған кен орнын игеру консорциумы аясындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.
"Мен аталған жоба бойынша көп жылдан бері жұмыс істеп келемін. Біз қазір Қашағандағы өндіру деңгейінің жоғары екеніне өте қуаныштымыз. Дегенмен, өндіруді арттыру үшін әлеуетіміз жеткілікті. Жобаның қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуіне өз үлесімізді қосуға дайынбыз" – деді компания басшысы.