Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады

0
655

Тоқаев қандай мәселелерге көңіл бөлу керектігін айтты.


Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады

Мемлекет басшысы мектептердің алдағы жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Үкіметке жыл соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл, халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды. Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.


Сонымен бірге, Қ. Тоқаев мектептер балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы іске жарағанын айтты.


«Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің бұл оқиғаға дайындығына күмәнім бар. Балалар қалай оқиды – мектепте немесе қашықта? Мұғалімдердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай?», - деп сұрақ қойды Мемлекет басшысы.