9 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Рустам Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне;
Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;
Болат Қуанышбекұлы Сәмбетов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.