Мемлекет Бас сәулет-құрылыс бақылау басқармалары арқылы елімізде салынатын ғимараттардың сапасы үшін ортақ жауапкершілік арқалайды.
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі
ERNUR.KZ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп жазады inform.kz.
— Енді түптеп келгенде ғимаратты қабылдайтын және оны пайдалану барысында қандай да бұзушылықтар орын алған кезде сұрау салынатын тапсырыс беруші мен мердігерден бөлек мемлекеттік органның да ортақ жауапкершілігі болады. Ол да дәл сондай жауапкершілік арқалайды, — деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның айтуынша, ендігі уақытта мемлекет тыс қалып, процесті бақыламайтындай жағдай болмайды.
— Яғни, егер ғимаратта қандай да бір бұзушылықтар немесе кемшіліктер болса, онда мемлекет те Бас-сәулет құрылыс бақылау басқармалары арқылы жауапты болады, — деді Ерсайын Нағаспаев.