Мемлекеттік қызметкер өзіне сыйлыққа берілген iPhone-ды мемлекетке өткізді

0
1 340

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті хабарлады.


Мемлекеттік қызметкер өзіне сыйлыққа берілген iPhone-ды мемлекетке өткізді

ERNUR.KZ. 2022 жылы және 2023 жылдың 6 айында мемлекеттік қызметшілер өздеріне берілген 438 сыйлықты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылы және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізілген тұлғалар Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне 438 сыйлық тапсырды. 438 сыйлықтың 188-і аукционда сатылған. Аукционда сатылған ең бағалы сыйлық 327 079 теңгеге iPhone 13 телефоны болды", - деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлық, материалдық сыйақы алуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар бар.