Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді - Тоқаев

0
662

Мемлекет басшысы жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет екенін атап өтті.


Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді - Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді. Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауға тиіс. Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе», - деді Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет екенін атап өтті.