"Мен көліктен, Ердос ұшақтан қорқады": Айдар Тұрғамбек ірі жол апатына қалай түскенін айтып берді

0
203

Өнер иесі әріптестерінің де неден қорқатынын жасырмады.


Фото: https://www.instagram.com/aidar_turgambek/

ERNUR.KZ. Танымал әнші, “Жігіттер” тобының мүшесі Айдар Тұрғамбек бойындағы фобияларын айтып берді, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі әріптестерінің де неден қорқатынын “1001 түн” бағдарламасында жасырмады.

"Өз басым көліктен қатты қорқамын. Екі рет жол апатына түскеннен кейін қорқып қалғанмын. Маған ұшақ ыңғайлы. Ішінде ұйықтай аламын. Көлікте өте сақ отырамын. Ұйықтап кеткен жоқ па деп уайымдаймын. "Жігіттер" тобымен Өзбекстанда бейнебаян түсірдік. Шекараны өтіп келе жатқанда таңғы уақытта жүргізуші рульге ие бола алмай қалды. Ақыры көлік аударылып кетті. Одан кейін Семейден Өскеменге шыққанда жігіттер ұйықтап қалған. Мен ояу отырмын. Қарасам көлік жүргізушісі көзін жұмып, ұйықтап кетіпті”, – деп ірі жол апатын есіне алды.

Сол оқиғалардан кейін көлікке деген қорқынышы қалып қойыпты. Ал әріптес-досы Ердос Қанаев ұшақтан қорқатын көрінеді.

“Сондай мәселелерден кейін көлікке қатысты қорқынышым бар. Көп мінгім келмейді. Көлікпен көп жол жүргім келмейді. Ұшақтан қорықпаймын. Ердос керісінше, ұшаққа мінбейді. Ол барлық қаланы тек көлікпен аралайды. Астанаға да көлікпен келеді. Концерт, тойлар болса, Ердос жолын алдын ала ойластырады. Продюсеріміз Ерғали Әбдірайымов уқытын, жүретін жолын өзі есептеп береді", – деді Айдар Тұрғамбек.