Мереке қарсаңында азық-түлік бағасын шектен тыс көтергендер жазаланады

0
1 120

Тауар бағасын тым қымбаттатып жіберген азаматтар бағаның шегін білмейтін адамдар монополияға қарсы реттеу құралдары арқылы жазаланады.


Мереке қарсаңында азық-түлік бағасын шектен тыс көтергендер жазаланады

иллюстрациялық фото ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Мереке қарсаңында тауар бағасын шектен тыс көтергендер жазаланады, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы еліміздің Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде 500-ден астам тауар бойынша жағдай тұрақты. Яғни тапшылық жоқ. Үкімет Президенттің тапсырмасына сәйкес тарифтерді төмендету бойынша жұмыс атқарып жатыр.

«Жеміс-жидек пен көкөніске қатысты жағдай түсінікті. Сұраныс артқанда тауар бағасының көтерілуі нарық заңы. Ол болжауға болатын үрдіс. Бағаны Үкімет немесе министрлік емес, қарапайым саудагерлер көтереді. Ал билік тауарды арзан бағамен сат деп ешкімді мәжбүрлей алмайды», –дейді Сүлейменов.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі: Бұл нарық. Бұған дайын болу керек. Сондықтан мемлекет әдейілеп қандай бір әлеуметтік тауарларды, мысалы, қиярды жазғы бағамен сатқыза алмайды. Егер біз нарықта өмір сүргіміз келсе, біз оның артықшылықтарын да, бағаның өсуімен байланысты жағдайларды да қабылдауымыз керек.

Дегенмен тауар бағасын тым қымбаттатып жіберген азаматтар бағаның шегін білмейтін адамдар монополияға қарсы реттеу құралдары арқылы жазаланады.