Бұған дейін желіде Меркідегі қант зауыты қант қызылшасын өңдеуге қабылдауды тоқтатқаны туралы видео пайда болған еді.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысының әкімдігі Меркідегі қант зауытына қатысты жағдайды түсіндірді, деп жазады Stan.kz.
Бұған дейін желіде Меркідегі қант зауыты қант қызылшасын өңдеуге қабылдауды тоқтатқаны туралы видео пайда болған еді.
"Меркідегі қант зауыты қызылша қабылдамай жатыр, жүк көліктері 2-3 колонна болып кезекте тұр", - делінген видеода.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2022 жылдың 20 қазанында сағат 14:00 шамасында Меркі ауданындағы қант зауыты қызылша қабылдауды уақытша тоқтатқан.
"Бұған зауытта түбірлік дақылдарды түсіретін екі арнайы машинаның кенет істен шығуы себеп болды. Кеше сағат 14:00-де бұл машиналар жөнделді, қызылшаны қабылдау жұмыстары жалғасуда. Зауытта жүк түсіретін төрт машина бар. Сонымен қатар қызылша тасымалдайтын көліктер кезекте тұрмас үшін өнімді арнайы орынға түсіруге болады", - деп сендірді олар Жамбыл облысының әкімдігінде.
Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде барлығы 81 128 тонна өнім жиналды, зауытқа 58 618 тонна қант қызылшасы жөнелтілді.