Міндеттеген жоқпыз - вице-министр сайлауға араласқан мұғалімдер туралы

0
2 225

Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне сайлаудың мәселелерін қарастыру берілмеген.


Міндеттеген жоқпыз - вице-министр сайлауға араласқан мұғалімдер туралы

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігі педагогтерді сайлауға қатысуға міндеттеген жоқ. Вице-министр Шолпан Каринова БАҚ өкілдерінің сауалына осылай деп қысқа жауап қайырды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сайлау мәселесіне қатысты айтсақ, әр мемлекеттік органның өзіне тиісті құзыреттілігі бар. Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне сайлаудың мәселелерін қарастыру берілмеген. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі мұндай жұмысты жүргізбейді. Иә, "Педагог мәртебесі" заңының аясында мұғалімдерді тиісті емес жұмыстарға тарту қарастырылмайды. Бұл бойынша фактілер болса, біздің министрліктің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері түбегейлі қарап отырады. Егер мұғалімдер тарапынан ондай сұрақтар түссе, тиісті шаралар қабыладанды. Ал сайлау жұмыстарына қатысу әркімнің өзінің азаматтық шешімі", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.