Бұған дейін президент Асқар Жұмағалиевқа ескерту жасаған еді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қызметінен босатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды.