Министр басынан жарақат алған сарбаздың жағдайы туралы айтты

0
460

Әскери қызметші әлі де ауыр жағдайда.


Министр басынан жарақат алған сарбаздың жағдайы туралы айтты

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әскерде басынан жарақат алған әскери қызметші Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы айтып берді, деп жазады tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, әскери қызметші әлі де ауыр жағдайда.

"Біз науқастың жағдайын бақылап отырмыз. Көмек қажет болса, оны да беруге дайынбыз. Жалпы, ол бүгінде өте ауыр жағдайда. Бүгін сіздер айтып отырған мәселелер бойынша: тиісті медбикелердің қосымша күтімі бойынша... тағы да қарастырамыз. Егер біздің тарапымыздан қандай да бір қызметкерді қосымша қамтамасыз ету қажет болса, қамтамасыз етеміз", - деді Әлназарова Парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Журналистер министр Әлназароваға ауруханадан шыққаннан кейін Ербаянға қажетті көмек, оның ішінде жеке гигиена заттары берілмегенін еске салды. Әскери қызметшінің ата-анасы оны өз бетінше қарауға мәжбүр болған. Сондай-ақ, бұған дейін қазақстандықтар зардап шеккен мерзімді әскери қызметшіні емдеуге 140 миллион теңге бөлгені хабарланған.

"Жөргектерді қамтамасыз ету мәселелері - олар жалпы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар құзыретіне кіреді", - деп қорытындылады Әлназарова.