Министр жаңа жылға қарай азық-түлік бағасы қалай өзгергенін айтты

0
1 045

Бұған дейін бағаның өсуі туралы сұраққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жауап берген болатын.


Министр жаңа жылға қарай азық-түлік бағасы қалай өзгергенін айтты

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа жылда отбасының азық-түлікке кететін шығыны қаншаға өскенін айтты, tengrinews.kz.

"Жаңа жыл қарсаңында бағаның көтерілгенін сездіңіз бе? - деп сұрады Сенат отырысында журналистер.

"Ия. Мүмкін жылдағыдан 10 пайызға өскен болар. Мүмкін одан да көп. Басқа айларда айына 250 мың теңге азық-түлікке кететін болса, желтоқсан айында 25-30 мыңға артты", - деп жауап берді Қуантыров.

Ол жаңа жылды Астанада отбасымен қарсы алатынын айтты.

Бұған дейін бағаның өсуі туралы сұраққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жауап берген болатын.

"Сезіндім. Әйелім де айтты", - деп жауап берді министр.