Президент жолдауында кәмелетке толмаған балаларға Ұлттық қордан инвестициялық табыстың 50%-ын аудару туралы айтылған болатын.
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда кәмелетке толмаған балалар Ұлттық қордан қанша ақша алатындығы туралы ақпарат тарады. Онда ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасалған. Ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша инвестициялық табыстың 50%-ын аударған кезде ҚР кәмелетке толмаған азаматының шотына жыл сайын 74 241 теңгеден түседі», – делінген таратылған хабарламада.
«Бұл мәселе бойынша Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері тарапынан түсініктеме болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдуалиева.


