Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау толығымен автоматтандырылды

0
447

​Жаңа жеңілдетілген тәртіпті 244 көрсетілетін қызметті алушы пайдаланды.


Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау толығымен автоматтандырылды

ERNUR.KZ. ҚР Еңбекмин "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін проактивті көрсету кезінде адами факторды толығымен алып тастады, бұл оны көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұған дейін бұл қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қызметкерлерінің қатысуымен көрсетілген және оны көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құраған. Осы жылдың ақпан айында аталған жәрдемақыны тағайындау туралы өтінішті қарау автоматтандырылды, бұл 4 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Келесі кезең адами факторды толығымен алып тастау болды – мамыр айының басынан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау Еңбекминінің ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі.

Қызметті проактивті форматта 1414 бір ғана SMS-хабарламасына жауап беру, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім беру және банк шотын растау арқылы алуға болады. Қызмет көрсету үшін барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында дәл осындай қағида бойынша "Алтын алқа" немесе "Күміс алқамен" марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау автоматтандырылды, бұл қызмет көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осы жылдың соңына дейін бұл тәсілді тағы 2 басқа мемлекеттік қызмет бойынша іске асыру жоспарлануда.